"Біз ең еліктегіш, жалт-жұлт еткенге құмар халықпыз. Ағылшынша сөз білмесек те «окей» деп сөйлейміз, арабша білмесек те «Машалла» деп айтамыз. Неге қазақша Құдай қаласа деп айтпаймыз. Біз өзге мемлекеттерге құрметпен қарап, өзімізді басып келдік. Еліктеуді қоятын уақыт жетті деп ойлаймын", – деді ол.Сондай-ақ Нұрлан Байжігітұлы хиджаб мәселесі мен сақал қою, қысқа балақ турасында өз ойын айтты.
"Әжелеріміз өмір бойы орамал таққан. Бұл жаңалық емес. Бізде тек ерегіс, талас. Мен мектептегі қарындасқа орамал туралы айтқанда «сабағың қалай?» деп сұраймын. Сабақты екі мен үшке әзер оқып, құрбыларыңды кәпір қыласың. Орамал арқылы Алла алдында көтерілем деп ойлайсың ба?! Сақал қойғандар, орамал таққандар таласар алдында үлгі болыңыздар. Орамал таққан қарындастарымыз мінезін тәрбиелеу керек дер едім. Қап-қара қылып, көзіне дейін жауып алып жүру дұрыс емес. Ол никаб деп аталады және дәстүрімізге келмейтін нәрсе", – деді дінтанушы.
Taulik.kz