logo
search
menu

Екібастұздағы тағы бір жылу желісінде құбыр жарылды

Екібастұздағы тағы бір жылу желісінде құбыр жарылды
6 желтоқсан, 2022
Екібастұздағы тағы бір жылу желісінде құбыр жарылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Екібастұздағы апатты жою жөніндегі жедел штаб 6 желтоқсандағы жағдай бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.  Қазір Екібастұздың 6, 5а және 5б шағын аудандарында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – премьер-пинистрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, 6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.
    6 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да №6 шағын аудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП – 63, диаметрі – 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 57а, 59, 61, 63, 63А, 63Б, 65, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды. Құбырды сағат 14:00-ге дейін жөндеу көзделген, – делінген хабарламада.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы