Ресей Қазақстан күрішін жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «бізде бәрі жақсы» деп сендіреді.
Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ Ресейдің әрекеті Қазақстан нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жазып, дабыл қаққан. Сала мамандарының айтуынша, Ресей Қазақстан күрішін жаппай сатып алып жатыр. Мұның соңы қант сияқты дағдарысқа алып келуі мүмкін дейді мамандар. Ресейдің өзі 1 шілдеде алты ай мерзімге өз күрішін экспорттауға тыйым салған.
Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайылов осы мәселенің мәнісін Ауыл шаруашылығы министрінен сұрады. Министр «қазіргі ахуал тұрақты» дейді.
«Ішкі нарықтағы ақ күріштің қоры 257 мың тонна. Біздегі жылдық тұтыну көлемі - 97 мың тонна. Яғни қазіргі қор үш есе көп. 9 айда шетелге 70 мың тонна экспортталды. 80% Ресейге кетті. Ішкі нарықта күріш жеткілікті. Экспортқа да шығаруға жағдай бар. Өндіруші зауытта күріштің бір келісі 256 келі. Көтерме бағалар 340-390 теңге. Қор жеткілікті», - дейді Қарашөкеев.
Taulik.kz