Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері осы жылдың 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі. ҚДКБҚ екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес түрде қабылдайтынын атап өтті», - делінген ҚДКБҚ хабарламасында.

Taulik.kz