Мәзір
6 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Шет елден келген мамандарға елімізде 10 жыл тұруға болатыны рас па?

Шет елден келген мамандарға елімізде 10 жыл тұруға болатыны рас па?

Шет елден келген мамандарға елімізде 10 жыл тұруға болатыны рас па? Шет елден келген мамандарға елімізде 10 жыл тұруға болатыны рас па?
ашық дереккөзі
Шет елден келген мықты мамандарға Қазақстанда 10 жыл тұруға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар жеңілдетілген виза қарастырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оның мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Жаңа көші-қон саясаты 4 міндетті шешуді көздейді: сұранысқа ие кадрларды тарту; инвестиция тарту; шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану; шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау. Бірінші міндет аясында экономика салалары үшін сұранысқа ие технологиялар бойынша үздік оқытушыларды, үздік ғалымдарды, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды тарту мақсатында  жеңілдетілген визалар мен 10 жылға тұру құқығы беріледі», – деді министр.

Апта талқысында: