Мәзір
7 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ресейдегі әскери аэродромға шабуыл жасалды

Ресейдегі әскери аэродромға шабуыл жасалды

Ресейдегі әскери аэродромға шабуыл жасалды Ресейдегі әскери аэродромға шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
Ресейдің аумағына тағы да шабуыл жасалды. Бұл жолы белгісіз дрон Курск облысының аэродромына соққы жасады, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Шабуыл салдарынан мұнай жинағыш қамбаны өрт шалды.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіріліп жатыр. Барлық арнайы қызмет орындарында», – деп жазды Курск облысының губернаторы Роман Старовойт өзінің телеграм-арнасында.
Ол болған оқиғаның басқа жай-жапсары жайлы ештеңе айтпаған. «Курск-Восточный» деп аталатын аэродромның өзі 24 ақпанда соғыс басталғалы бері азаматтық рейстерді қабылдауды күрт тоқтатқан. Бұдан кейін ол тек қана әскери мақсатта ғана пайдаланыла бастаған.
«Курск облысында террорлық қауіп режимі бар. Билік Украина тарапынан атқылау болып тұратынын тұрақты хабарлайды. Соңғы оқиға кеше болды. Оның барысында жиырмаға жуық үйге зақым келді», – деп жазды Старовойт.
Мұның артынша 6 желтоқсан күні Брянск облысындағы «Слава» комбинатына да дрондардың шабуыл жасағаны белгілі болды. Соның кесірінен өнеркәсіп территориясында өрт өршіген. Кеше белгісіз беспилотник Саратов облысы Энгельс қаласындағы аэродромға шабуыл жасағаны белгілі болды. Ұшу аппараты ұшу-қону белдеуіне құлап, екі ұшаққа залал келтірген. Тағы екі адам жарақат алып, шұғыл госпитальға жіберілген. Бұдан басқа, дүйсенбі күні Рязань қаласының түбіндегі истребительдер жинақталған аэродомда бір бензовоздың күлі көкке ұшты. Одан үш адам қаза тауып, алты адам зардап шеккен, бір ұшаққа зақым келген.

Апта талқысында: