Мәзір
7 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ресейде де ксенофобия бар: Қошанов Ресей елшісіне жауап берді

Ресейде де ксенофобия бар: Қошанов Ресей елшісіне жауап берді

Ресейде де ксенофобия бар: Қошанов Ресей елшісіне жауап берді Ресейде де ксенофобия бар: Қошанов Ресей елшісіне жауап берді
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісінің берген сұхбатына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.  Ерлан Қошанов Бородавкин мырзаның сұхбатымен танысып шыққанын айтты.
«Оның сұхбатының кейбір сәті расымен, оның лауазымына сәйкес келмейді және оған жақсы атақ әпермейді. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, біз оны бұрыннан білеміз. Оның үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегіне еріп кетуіне болмайды», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Екі жақтың ел игілігіне жұмыс істеуі керек адамдарға әсте мұндай мәлімдемелерге жол берілмеуі керек екенін айтты.
«Ресейде де, басқа елдерде де ксенофобия бар. Сондықтан біз елдеріміздің, мемлекеттеріміздің игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біздің мәлімдемелеріміз, саясаткерлердің мәлімдемелері бірінші кезекте екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі тиіс», - деді Е. Қошанов.

Taulik.kz

Апта талқысында: