logo
search
menu

Путин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды

Путин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды
7 желтоқсан, 2022
Путин ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресей президенті Владимир Путин ЛГБТ-ны насихаттауға, сондай-ақ жыныс өзгертуге тыйым салатын заңдар пакетіне қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz. Заңнамаға енгізілген түзетулер жарияланған күннен бастап күшіне енеді, делінген құжатта. Бұған дейін мұндай заңнамалық тыйымды Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесі мақұлдаған болатын. Мұндай заң Ресейде 2013 жылдан бар, бірақ ол кәмелетке толмағандарға ғана арналған еді. ЛГБТ-ны БАҚ-та, интернетте, жарнамаларда, көркем туындыларда насихаттағандарға жаңа заң бойынша 400 мың рубльге дейін, заңды тұлғаларға — бес миллионға дейін айыппұл салынады. Ал шет мемлекеттердің азаматтарына 400 мың рубльге дейін айыппұл салынып, 15 күнге дейін қамауға алынуы немесе депортациялануы мүмкін. Уәкілетті ұйым Интернетте осындай ақпаратқа мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша ЛГБТ-ны насихаттау белгілері анықталған кезде Роскомнадзор мұндай ақпаратқа қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қолданып, бұл туралы мәліметтерді уәкілетті органдарға жібере алады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы