Мәзір
7 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстан Ресейге зымыран құрастыратын бөлшектерді жеткізе ме?

Қазақстан Ресейге зымыран құрастыратын бөлшектерді жеткізе ме?

Қазақстан Ресейге зымыран құрастыратын бөлшектерді жеткізе ме? Қазақстан Ресейге зымыран құрастыратын бөлшектерді жеткізе ме?
ашық дереккөзі
TikTok әлеуметтік желісінде Қазақстанның Ресейге зымыран құрастыруға арналған бөлшектер жеткізетіні туралы ролик жарияланды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл ақпараты жоққа шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресей Федерациясына зымырандар компоненттерін жеткізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Зымырандарға арналған аталған компоненттер «Экспорттық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес экспорттық бақылау шараларына жататын әскери мақсаттағы өнімдерге жатады. «Компоненттерді зымыран жасау технологияларында пайдалануға болатынына жатқызу/жатқызбау» факторын анықтау экспорттық бақылау тетіктері шеңберінде жүргізіледі. Мәселен, кез келген экспортталатын/импортталатын/транзиттік электрондық жиынтықтауыштар («чиптер», «микросхемалар») әскери/қос мақсаттағы өнімді өндіру кезінде пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан техникалық зерттеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қорғаныс министрлігі, Энергетика министрлігі, ҰҚК) жіберіледі. Мұндай фактілер расталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган (ИИДМ Индустриялық даму комитеті) жеткізілімдерді экспорттық лицензиялауға жібереді», - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы жылғы 27 тамыздағы шешімімен әскери мақсаттағы өнімнің экспортына/транзитіне тыйым салынады.
«Сонымен қатар Қазақстан Республикасынан әскери мақсаттағы өнімнің, оның ішінде зымыран жиынтықтауыштарының немесе зымыран дайындауға арналған компоненттердің реэкспорты/транзиті 2022 жылы және оған дейін жүзеге асырылмаған (ИИДМ ИДК экспорттық бақылау базасының деректері бойынша)», – делінген хабарламада.

Taulik.kz

Апта талқысында: