Алматыда әжесі мен екі немересі өрттен қаза тапты
Алматыда әжесі мен екі немересі өрттен қаза тапты
7 желтоқсан, 2022

Мазмұны
Бүгін, 7 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz аудан әкімдігіне сілтеме жасап.
Өрттен 3 адам қаза тапқан. Зардап шеккен 6 адам Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ.
Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр.
ТЖД мәліметі бойынша өртті сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың денесі табылған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы