Мәзір
8 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

9-санкциялар пакеті: Еуроодақ Ресейге тағы шектеу қоймақ

9-санкциялар пакеті: Еуроодақ Ресейге тағы шектеу қоймақ

9-санкциялар пакеті: Еуроодақ Ресейге тағы шектеу қоймақ 9-санкциялар пакеті: Еуроодақ Ресейге тағы шектеу қоймақ
ашық дереккөзі
Еуропалық Одақ Ресейге қатысты 9-санкциялар пакетінің бөлігі ретінде ресейлік шенеуніктері мен әскерилердің саяхаттауына тыйым салып, активтерін бұғаттауды көздеп отыр, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 9-санкциялар пакетіне кіретін ұсыныстарды ЕО-ның атқарушы билігі, Еуропалық комиссия жасады.
«Біріншіден, біз санкциялар тізіміне тағы 200-ге жуық жеке және заңды тұлғалар қосуды ұсынамыз. Оның ішінде Ресей Қарулы Күштері, жекелеген офицерлер мен қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары, сондай-ақ Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация Кеңесі, министрлер, губернаторлар және саяси партиялар бар», - деді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.
Санкцияларға қосарлы мақсаттағы дрондар мен олардың құрамдас бөліктерін жеткізуге экспорттық шектеулер де кірмек. Бұл шаралар өз күшіне енгенге дейін ЕО-ның барлық 27 мүше мемлекетімен талқыланып, мақұлдануға тиіс.

Апта талқысында: