logo
search
menu

Жантүршігерлік жағдай: Иран билігі наразылыққа шыққан тұрғынды дарға асты

Жантүршігерлік жағдай: Иран билігі наразылыққа шыққан тұрғынды дарға асты
8 желтоқсан, 2022
Жантүршігерлік жағдай: Иран билігі наразылыққа шыққан тұрғынды дарға асты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Иранда осы күзде наразылық шерулеріне қатысқаны үшін сотталған алғашқы демонстрант дарға асылды, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Иранның революциялық соты Мохсен Шекариді 8 желтоқсан күні таңертең "Құдайға қастандық жасады" деп айыптап, дарға асты, деп хабарлайды Ирандық БАҚ.

    БАҚ-тың хабарлауынша, Шекариге наразылық акциясына қатысқаны үшін айып тағылған.  Соттың мәліметінше, қыркүйектің 25-і күні ол Теһранның басты жолын жауып, «Басидж» азаматтық жасақтарының бір мүшесін пышақтап кеткен.

    Қазір Иранның сот билігі үкіметке қарсы шерулерге қатысқан 11 адамды өлім жазасына кескені атап өтілді.  Жалпы, наразылық кезінде 15 мыңға жуық адам қамауға алынды, 378 адам қаза тапты.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы