Медеу ауданының тұрғындарымен кездескен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың бірімен жаңа жыл мерекесіне бөлінетін 44 млн теңгеге байланысты сөзге келіп қалды. деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Алматы тұрғыны: Жаңа жылға бізге қатысты емес. Жаңа жылға 44 млн теңге бөлінеді. Ол ақшаны одан да үйсіз жүрген халыққа бөлсін.
Ерболат Досаев: Қандай ақшаны бөлу керек?
Алматы тұрғыны: Жаңа жылды әшекейлендіруге.
Ерболат Досаев: Қаланы біз дымсыз қалдырамыз ба?
Алматы тұрғыны: Жаңа жылдың қатысы жоқ қой. 44 млн теңге бөлетіндей.
Ерболат Досаев: Неге жаңа жылдың қатысы жоқ, кім айтты сізге? Сіздің балаларыңыз бар ғой?
Алматы тұрғыны: Иә.
Ерболат Досаев: Балаларыңызға оны көрсетпей-ақ қояйық па?
Алматы тұрғыны: Біздің мерекеміз Наурыз. Наурызға байланысты мен сөйлеп жатқан жоқпын.
Ерболат Досаев: Онда былай болсын. Сіз мерекеңіз болса, әкім ретінде менің жаңа жылым бар. Қала бәрін дұрыстап істеп береді. Ал сіздің сұрағыңыз болса, тапсырма бердім. Кезегіңізбен келесіз.