"Нұралы Әліп "Зенитте" қалды. Оның келісімшартын "Қайраттан" Санкт-Петербург клубы сатып алды. Енді Қазақстан құрамасының қорғаушысына қатысты барлық құқықтар Ресей чемпиондарына тиесілі. Келісімшарт мерзімі 4 жыл (3+1). Келісімнің қаржылық мәліметтерін әзірге айта алмаймын, бірақ жақын арада Қайраттың өзі жариялайды деп ойлаймын. Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле. Сондай-ақ, Мәскеуде орналасқан тағы бір РПЛ клубы Әліпке қызығушылық танытқанын айта кетейін. Ал оның Әзірбайжан чемпионатына өтуі мүмкін деген әңгіменің бәрі шындыққа сәйкес келмеді", - деп жазады СпортРадар.kz Telegram-арнасы.
Taulik.kz