logo
search
menu

АҚШ Ресеймен тұтқын алмасты

АҚШ Ресеймен тұтқын алмасты
8 желтоқсан, 2022
АҚШ Ресеймен тұтқын алмасты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ресейде сотталған америкалық баскетболшы Бритни Гринер Ресей азаматы Виктор Бутқа айырбасталды, деп хабарлайды Taulik.kz. Спортшыны Ресей соты үстіміздегі жылдың тамыз айында есірткі сақтады деген айыппен қатаң режимдегі колонияда тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол 2022 жылдың ақпанында Шереметьево әуежайында багажынан құрамында каннабис майы бар сейф картридждері табылғаннан кейін қамауға алынды. Гринер Мордовиядағы колонияда жазасын өтеп жатқан. Виктор Бут АҚШ-та қару сату ісі бойынша 25 жыл жазасын өтеп жатқан. Бут 2012 жылы сотталды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы