logo
search
menu

Шұғыл: Ақтаудың жылу жүйесінде апат болды

Шұғыл: Ақтаудың жылу жүйесінде апат болды
8 желтоқсан, 2022
Шұғыл: Ақтаудың жылу жүйесінде апат болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтаудың орталық жылу жүйесінде апат болды, деп хабарлайды Taulik.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап. Ақтауда 6 бірдей шағын аудан жылусыз қалған. Жерастындағы құбырлардың жарылған тұстарын коммуналдық мекемелер жөндеп, қазір 5 шағын ауданға жылу берілді.  Ендігі қалып тұрғаны 7 ықшам ауданындағы жеті үй. Оларды да бүгін жылуға қосу жоспарланып отыр.  Еске сала кетейік, қалада 4 желтоқсаннан бері ыстық су жоқ. Орталық сумен жабдықтау торабында су деңгейі күрт төмендеуінен «Маэк» энергокомбинаты қалаға ыстық су жіберуді уақытша тоқтатқан. Ондағы су резервуарлары толтыруға қойылған.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы