logo
search
menu

Тоқаев өз күйеу баласын қызметінен босатты

Тоқаев өз күйеу баласын қызметінен босатты
9 желтоқсан, 2022
Тоқаев өз күйеу баласын қызметінен босатты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Грузиядағы, Болгария, Литва және Албаниядағы елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Taulik.kz. 
    • Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды;
    • Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұған дейін  бұл қызметті Теміртай Рымтайұлы Ізбастин атқарған;
    • Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
    • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
    Айта кетсек, қызметінен босатылған Теміртай Рымтайұлы Ізбастин – Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы – Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы