Мемлекетке сатқындық жасаған шенеуніктер өлім жазасына «кесіледі»
Мемлекетке сатқындық жасаған шенеуніктер өлім жазасына «кесіледі»
9 желтоқсан, 2022

Мазмұны
Беларусь мемлекетке сатқындық жасаған шенеуніктер мен әскерилерге өлім жазасын тағайындауды ұсынды. Бұл туралы The Moskow News мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ел депутаттары бұл заң жобасын дереу бірінші оқылымнан-ақ қабылдады.
Мемлекеттің Қылмыстық істер кодексінің жобасындағы 3 бапқа өзгерістер енгізетіні анықталды.
Қазіргі таңда Беларусь Еуропа мен Орталық Азиядағы әлі күнге дейін өлім жазасын қолданатын жалғыз мемлекет.
Белорустар өлім жазасын қалдыруды 1996 жылы өткен референдумда қолдаған болатын.
Естеріңізге салсақ, мемлекет басшысы Лукашенко мамыр айында «терроризм актісін жасауға талпынғандарды» өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойған еді.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы