Үкіметке келген Көлгіновтың нақты атқаратын қызметі қандай?

Үкіметке келген Көлгіновтың нақты атқаратын қызметі қандай?

ашық дереккөзі

Премьер-министр Әлихан Смайылов өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Алтай Көлгіновтің үкіметте қандай қызмет атқаратынын айтты, деп хабарлайды taulik.kz. Жаңадан тағайындалған Көлгінов әлеуметтік мәселелер бойынша басқару жұмыстарын атқарады. Атап айтқанда: білім және ғылым саласын дамыту, денсаулық саласы, әлеуметтік модернизация, мәдениет пен спорттың дамуы, туризм, мемлекетшіл жастар мен отбасы саясаты, қоғамдық сананың жаңаруы, этносаралық келісімдерді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демография және миграциялық саясат және т.б. Үкімет басшысы Алтай Көлгіновке нәтижелі жұмыс пен табыс тіледі.

Loading...