Мәзір
9 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Қызды өлтіріп, өртеп жіберген»: 1 жылдан кейін тың мәлімет шықты

«Қызды өлтіріп, өртеп жіберген»: 1 жылдан кейін тың мәлімет шықты

«Қызды өлтіріп, өртеп жіберген»: 1 жылдан кейін тың мәлімет шықты «Қызды өлтіріп, өртеп жіберген»: 1 жылдан кейін тың мәлімет шықты
ашық дереккөзі
Алматыдағы «Латифа» түрғын үй кешеніндегі жас қыздың өлімінен кейін бір жылдан астам уақыт өтті. 35 жастағы ер адам қызды жалдамалы пәтерде тұншықтырып өлтіріп, денесін өртеген. Қылмыскер жазасын өтеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz Айқынға сілтеме жасап. Сотталушы Кентауда 1987 жылы 15 тамызда дүниеге келген. 2021 жылы қарашада ол қызды жалдамалы пәтерге шақырған. Кейін қыздың өртенген денесі табылып, қаскөйдің өзі де ұсталды. Оған ҚР ҚК 99-бабының 10-бөлігімен айып тағылды.
«Қылмыстық істі Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Үкім 2022 жылғы 11 мамырда шықты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылған», - деп хабарлады қалалық соты.
Үкім заңды күшіне енген. Сотталушы апелляциялық шағым түсірмеген. Айта кетейік, адам өлімі 2021 жылғы қарашаның басында болған. Қайғылы оқиға 13-қабаттағы жалдамалы пәтерде болған. Пәтер күнде жалға берілгені анықталды.

Апта талқысында: