Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
12 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Көршілердің жері Ауғанстан аумағы: Тәліптердің глобусында Қазақстан да бар

Көршілердің жері Ауғанстан аумағы: Тәліптердің глобусында Қазақстан да бар

Көршілердің жері Ауғанстан аумағы: Тәліптердің глобусында Қазақстан да бар
ашық дереккөзі
Ауғанстан билігіндегі "Талибан" қозғалысы Кабул орталығына орнатқан глобус инсталляциясында көршілес елдердің жері Ауғанстан аумағы деп көрсетілген. ВВС хабарына қарағанда, тәліптердің "глобусында" Иран, Пәкстан, және Орталық Азия елдерінің жері Ауғанстанға қосылған. Ауғанстан шекарасы Қазақстанмен шектескен. Бұл жөнінде Азаттықтың Түрікмен редакциясы жазды. "Тәліптердің глобусында" Түркияның Еуропалық бөлігі, Катар, Эстония мен Тайвань көрсетілмеген. Диаметрі 8 метр, салмағы екі тонна, айналып тұратын "глобусты" Кабулдың Дахан-и-Баг алаңына орнатқан. Инсталляция авторы Исматулла Хабиби картада неғұрлым анық көрінуі үшін ауған жерін үлкейтіп көрсеткенін айтқан. Тәліптер Ауғанстан билігін 2021 жылдың тамызында алған. Одан бері тәліптер билігі халықаралық деңгейде мойындалмаған. "Талибан" өкілдігі Ауғанстан өзгенің жеріне көз алартпайтынын, ауған жерін көршілес елдерге қарсы пайдалануға жол бермейтінін бірнеше рет мәлімдеген.

Taulik.kz