logo
search
menu

Тоқаев кредитін төлей алмай жүргендерге қатысты жарлыққа қол қоймақ

Тоқаев кредитін төлей алмай жүргендерге қатысты жарлыққа қол қоймақ
12 желтоқсан, 2022
Тоқаев кредитін төлей алмай жүргендерге қатысты жарлыққа қол қоймақ
ашық дереккөзі
Қазақстанда онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Taulik.kz.
"Өзге елдердің кепілсіз онлайн-шағын несиеге толық тыйым салу туралы тәжірибесін зерттеп, тұтынушылық несиені тежеу керек. Өкінішке қарай, несиені оңды-солды алудың салдары экономикадағы балансты бұзуы мүмкін, бұны біз бұрыннан байқап келеміз. Қазір проблемалы несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам алған несиесін төлей алмай келеді", - дейді Тоқаев.
Президент халық жаны қиналғасын екінші несие алатынын да тілге тиек етті.
"Сондықтан, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғалардың банкроттығы мен сауықтыру» туралы заң жобасы іске қосылу керек. Бұдан өзге, кепілсіз онлайн шағын несиелерді қатаң түрде реттеу керек. Кейбір елдер бұған толық тыйым салған. Осы тәжірибені зерттеп көру керек", - деді Тоқаев.

Taulik.kz

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы