Мәзір
13 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Түркістан: Ауруханада бір топ дәрігер келіншекті ұрып тастады

Түркістан: Ауруханада бір топ дәрігер келіншекті ұрып тастады

Түркістан: Ауруханада бір топ дәрігер келіншекті ұрып тастады Түркістан: Ауруханада бір топ дәрігер келіншекті ұрып тастады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық ауруханада болған жаға ұстатар жағдайдың видеосы пайда болды,деп хабарлайды Taulik.kz Экспресс К.  сайтына сілтеме жасап.  Видеоны @egov.press Telegram-каналы жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, Марзия Құлыбекова есімді тұрғын бас дәрігердің бейберекет әрекетін видеоға түсіріп алған көрінеді. Алайда осыдан кейін медицина мекемесінің заңгері мен үш хирург дәрігер әйелге тап беріп, оның ұялы телефонын тартып алмақ болыпты. Тіпті келіншекті ұрып-соққан екен. Бейнежазбадан белгісіз адамдардың аурухана ғимаратында әлденеге келіспей тұрғанын көруге болады. Баспалдақ тұсында ер кісі әйелге қол жұмсайды.
Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер, желіде қызу талқыланған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, бұл оқиға 25 ақпанда аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Жәбірленуші әйелге дене жарақаттарын анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуі керектігі айтылып, тиісті қаулы беріліпті. Алайда ол сараптамадан өтпеген және өзінің тұрғылықты мекен-жайында болмаған. Тиісті іс құжаттарының жинақталмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты әкімшілік іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 741-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес қысқартылған, - делінген Полиция департаментінің мәліметінде.
Ал облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар желіде тараған видео бейнебақылау камерасындағы жазбаның толық нұсқасы емес деп отыр. Толық нұсқада әйелдің аурухана заңгеріне бірінші болып қол көтеріп, басы мен шүйдесін ұрғаны анық көрінеді екен. Медицина мекемесіне келген полицейлер бейнебақылау камерасындағы ол жазбаны көрген.
"Аурухана заңгері мен әйел екеуі де арыз жазудан бас тартқан. 10-11 ай бұрынғы видео белгісіз жағдайлармен рұқсатсыз алынып жарияланған. Бұл жала жабу болуына байланысты жағдайды анықтау мақсатында полиция бөліміне арыз берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысына сәйкес бірінші сатыдағы сот алқасына талап арыз жолданады", — деді Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар.

Taulik.kz

Апта талқысында: