Халыққа тиімді шартпен несие берілетін болды
«Сыйақының номиналды жылдық мөлшерлемесі – 2,5%, несие мерзімі 7 жылдан аспайды, кепілдік қойылуға тиіс. Несиенің ең жоғары сомасы – шамамен 7,9 млн теңге (2,5 мың АЕК), ірі кооперацияны дамыту үшін – 25,4 млн теңге (8 мың АЕК)», – делінген хабарламада.Кредитті беру операторларын жергілікті жерлердегі әкімдіктер мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды. Ал алғашқы микронесие 2023 жылғы бірінші тоқсанның соңында беріледі деп жоспарланып отыр.