Еліміз шетелден жұмысқа жетіспейтін 100 маман алдырмақ
Елімізде тапшы әрі сырттан жиі шақырылатын мамандық түрі бойынша шетелден 100 үздік маманды өзімізге тарту көзделеді. Ол үшін Қазақстанда тұруға ықтиярхат беру қаралған "Бағалы дағдылар визасы" болады”, - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов.Маман жетіспейтін мамандық тізімі жасалатынын да айтты.
“Негізгі мақсат – білім трансферті мен осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Келесі, көрші елдерден, соның ішінде тіркеусіз, бейресми арналар арқылы келіп жатқан еңбек мигранттары қозғалысын есепке алуды күшейту”, - деді Ілияс Испанов.
Taulik.kz