Мәзір
7 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Астанада «Елорда кубогы 2022» атты жайдарман ойындары өтті

Астанада «Елорда кубогы 2022» атты жайдарман ойындары өтті

Астанада «Елорда кубогы 2022» атты жайдарман ойындары өтті Астанада «Елорда кубогы 2022» атты жайдарман ойындары өтті
ашық дереккөзі
5 қарашада Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Елорда кубогы 2022» Жайдарман ойыны өтті. Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша ТжКБ және ЖОО-ның студенттері, кәсіпорындар мен ірі компаниялардың жас мамандарынан құралған 12 команда және Қырғызстан мемлекетінен келген «Торнадо» құрамасы қатысты, деп хабарлайды taulik.kz. Қазылар құрамында театр және кино актері Әділ Ахметов, танымал тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан, «Ел арна» телеарнасының бас директоры Нұрбол Алман, танымал актер Әбунасыр Серіков, танымал жайдарманшы, актер Марат Достаев болды. 13 команда қатысқан сайыста І орынды –  Семей қаласынан келген «Шатыр», ІІ орынды – «Абырой», ІІІ орынды – Қырғызстан Республикасынан келген «Торнадо» командалары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы «Талант» командасының ойыншысы Орынғалиев Мейрамбекке бұйырды. Іс-шараға афишалар, қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау үшін дипломдар, сыйақы сертификаттары дайындалып, І орын иеленген командаға және үздік ойыншыға кубок табыс етілді. Шара өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік мүмкіндігін қазақ халқының тарихы, мәдениеті,тілінің негізінде қалыптасуына, балалар мен жасөпірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығының артуына, өзін өзі тану жұмыстарының ынталандырылуына айтарлықтай үлес қосты. Жастар мен жасөпірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасалды.

Апта талқысында: