5-қарашада Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен Астана қаласының ашық чемпионатының финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды taulik.kz.
Аталмыш сайысқа еліміздің барлық аймағынан 6 команда қатысты. Ойындарға елімізге танымал әзілкештер Тасхан Қанат, Бекзат Дүйсенов, Ғалым Махамбетов және Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қайрат Қамбаров төрелік етті. Бұл ойынның қазылар алқасы төрағасы Жоғары лига ойындарының жүргізушісі, «Қазақсттан КВН Одағы» директоры Есен Елеукен болды.
Нәтижесінде бас жүлдені Шымкент қаласынан келген құрама «Бәркелді кірпі» жігіттері иеленсе, күміс жүлде Атыраулық «Индер» құрамасына бұйырды. Ал 3 орынға Оралдық «Дежавью» командасы жайғасса, астаналық «Элита» командасының ойыншысы Сапаров Наурыз «Үздік ойыншы» атанды.