«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соңғы уақытта көпірден немесе биік ғимараттардан секіріп, өмірмен қош айтысқысы келетіндер көбейген. Астанада биыл 255 өзіне-өзі қол салу дерегі тіркелген. Оның 35-і өліммен аяқталса, 217-сі аман қалған», - дейді Қызылорда қаласы ПД тергеу бөлімінің орынбасары Әуелхан Құдайберген.