logo
search
menu

Жаңаөзенде қылмыс жасаған үш мұғалім анықталды

Жаңаөзенде қылмыс жасаған үш мұғалім анықталды
14 желтоқсан, 2022
Жаңаөзенде қылмыс жасаған үш мұғалім анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жаңаөзендегі 2 мектепте жалған дипломмен жұмыс істеген үш мұғалім анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Олардың біреуі мектепте он жылдан бері жұмыс істеген. Ал қалған екеуі №4 мектепте тоғыз және екі жыл көлемінде қызмет еткен. Олар Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен, Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетінен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің дипломдарымен жұмыс істеген.
    «Биылғы жылдың басында Жаңаөзен қаласы мұғалімдерінің дипломдарын тексеру барысында кейбір мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің дипломдарының жалған екені анықталды. Қазіргі кезде олардың жалған дипломды пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексерілуде»,- деді Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының маманы Әли Оңғарбаев.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы