Мәзір
14 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» қатаң тексерістен өтіп жатыр

«АрселорМиттал Теміртау» қатаң тексерістен өтіп жатыр

«АрселорМиттал Теміртау» қатаң тексерістен өтіп жатыр «АрселорМиттал Теміртау» қатаң тексерістен өтіп жатыр
ашық дереккөзі
АрселорМиттал Теміртау қатаң тексеруден өтуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
«АрселорМиттал Теміртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деді министр.
Министр заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
«Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен жасалған 87 келісімшарттың 40-ы күшін жойып, 47 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша талдау жүргізіліп жатыр. Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарты қайтарып алынды. 25 жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Taulik.kz

Апта талқысында: