Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
14 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Президенттікке кандидат болған Рахымбековтың қызы Тоқаевтан араша сұрады

Президенттікке кандидат болған Рахымбековтың қызы Тоқаевтан араша сұрады

Президенттікке кандидат болған Рахымбековтың қызы Тоқаевтан араша сұрады
ашық дереккөзі
2019 жылы ҚР президенттігіне кандидат болған Төлеутай Рахымбековтің қызы әкесінің үстінен шағым білдіріп, Президенттен көмек сұрады. Бұл туралы Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 
Айбота Рахымбекова әлеуметтік желіде жазба жариялап, онда мемлекет басшысынан көмек сұрады.
– Құрметті Қазақ елі, Президент мырза және анамның туыстары! Осылай ақтарып салғаным үшін сіздерден кешірім сұраймын. Бірақ менің басқа амалым қалмады. Ішімдегі 8 айлық баламен, Төлеутай Рахымбеков мені далада қалдырды. Анам марқұмнан қалған бүкіл дүниенің (мұрагерлік үлесімді) барлығын мені алдап-арбап тартып алды. Маған көмектесіңіздер, ағайын, журналистер, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдар және Президент мырза!, – деп жазды Ақбота Рахымбетова.  
Malim.kz-тің Хабарлауынша, Ақбота Рахымбекова экс-кандидат Төлеутай Рахымбековтің туған қызы емес. Ол оның марқұм әйелінің баласы, сондай-ақ соңғы жеті жыл бойы туыстарымен тұрған.
– Нашақор мен маскүнемге сенуге бола ма? Ол 7 жыл бойы бізбен бірге тұрмады. 2015-2020 жылдар аралығында ем қабылдады. Бұның барлығын құжат жүзінде рәсімделген. Ол әр кезде тұтыну үшін ақша сұрайды. Мен оған сұрағанын бермедім. Енді не істеу керек? Есірткі мен алкогольге тәуелді болған адамның сөзіне сенуге бола ма? Ол мені сотқа берді. Алайда ол аудандық сотта жеңілді, – деді Төлеутай Рахымбеков.
Оның айтуынша, олардың ісін Астана қаласының Алматы аудандық соты қараған.
– Кезінде оны асырап алуға келісім бергенім ақымақтық болды. Менің Салтанат есімді өзіммен бірге тұратын жалғыз қызым бар. Мен осы жағдайдан кейін айыптау үшін оны сотқа беремін, – деп отыр экс-президенттікке үміткер.
Саясаткердің айтуынша, бұл істің артында Айботаның жақын туыстары тұр.
– Олар менен мұраға қалған мүліктің өзіме тиесілі бөлігінен бас тартуымды сұрап отыр. Бар мәселе осыда. Соттың барлық құжаттары менде бар. Құжат жүзінде бекітілгендіктен мен одан қорықпаймын. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының алдында маған қарсы топтың бары айтылды. Құдайға шүкір, адамдар мені және отбасым туралы біледі, – дейді Рахымбеков.
Еске салсақ, Төлеутай Рақымбеков  «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 2019 жылы Президенттікке сайлауға түсіп, 3,04 пайыз дауыс жинаған. Жұбайы Қазақстан Азаматтық Альянсінің бұрынғы басшысы Салтанат Рахымбекова 2020 жылдың жазында қайтыс болған.
Taulik.kz