logo
search
menu

Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
14 желтоқсан, 2022
Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстанда тәртіп сақшылары 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz. Мәжілісмен Ерлан Саиров тәртіп сақшыларының жауапкершілігі туралы сұрады.
"Қайғылы қаңтар кезінде Талдықорған қаласында, Жамбыл және Қызылорда облыстарында кейбір қызметкерлер жұмыстарын тастап кетіп қалған болатын. Прокуратура өкілдеріне сұрағым бар, осы орган басшыларына қандай шара қолданылды?", - деп сұрады Саиров.
Осы айда заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін айтты.
"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Жоғарыда айтқанымдай, мен толық ақпаратты бөлек бере аламын", - деп жауап берді Бас прокуратура өкілі.

Taulik.kz

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы