Мәзір
14 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жұмысы бар «бомждар»: Кредитін төлей алмай жүргендерге қандай жеңілдік бар?

Жұмысы бар «бомждар»: Кредитін төлей алмай жүргендерге қандай жеңілдік бар?

Жұмысы бар «бомждар»: Кредитін төлей алмай жүргендерге қандай жеңілдік бар? Жұмысы бар «бомждар»: Кредитін төлей алмай жүргендерге қандай жеңілдік бар?
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Азамат Перуашев кредитін төлей алмай жүрген халық туралы ашық айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Біз бұл мәселені жыл сайын қайта көтердік. Үкімет оған әртүрлі сылтау айтып, кейінге қалдырып келді. Президент былтыр бұл заң жобасын қабылдау бойынша нақты тапсырма берді. Біз екі рет заң жобасын әзірлеп бердік. Үкімет оларды да өткізбеді. Мақсатымыз – несиесін төлей алмайтын жағдайға жеткен азаматтарға әлеуметтік кепілдікті белгілеу. Қазақстан талай экономикалық дағдарыстан өтті. Салдарынан адамдар жұмысынан айырылып, несиесін төлей алмады. Ал біздің банктер не істеді? Олар адамдарды далаға шығарып, оларды «бомждарға» айналдырды», - деді Азат Перуашев.
Тәуелсіз елде тұрып жатқан азаматтарды бомж қылмау керегін ашып айтты.
«Отбасы, баласы мен жұмысы бар азаматтарды «бомжға» айналдыру дұрыс емес. Бұл – біздің азаматтар. Мемлекет ретінде олар үшін жауаптымыз. Бұл мәселені осы заң жобасында да қарастырдық. Көптеген сұрақ талқыланды. Бүгін процедуралық рәсімге көп көңіл бөліп кеттік. Ең бастысы – азаматтарымыздың бомжға айналуына жол бермеу. Президент бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырма берді. Мен кім бизнеспен айналысқанын еске салайын. Кезінде олар кепілге пәтерін, үйін қойды. Қазір біз қазақстандықтардың баспанаға иелік ету құқығын қорғамасақ, тек ипотека төлеушіден ғана емес, әлеуетті кәсіпкерден айырыламыз», - деді депутат.
Депутат халықтың құзырындағы, жекеменшік жалғыз баспанасын несиесін төлей алмай жатқан жағдайда кепілге алып алуға қарсылығын білдірді.
«Азаматтық кодексте жалғыз баспанасынан айырмау туралы норма болды. Бұл норманы алып тастау банктердің мүддесі тұрғысынан шешілді. Былтыр алматылық басындағы жалғыз үйін алуға келген 5 сот орындаушы мен полицияны атып тастады. Әйел адам тұратын үйі болмағандықтан, өзінің балаларын терезеден лақтыруға мәжбүр болды. Біз азаматтарды қашанғы осындай әрекетке итермелейміз? Былтыр «Банк және банк қызметі туралы» заң аясында несиенің 90%-ын өтеген жағдайда «қайта кепілге қою мүмкіндігі бар» деген өте өзекті норманы енгізе алдық», - деді Перуашев.
Депутат кредиттің пайызы жоғары болған сайын оны төлеу қиындай түсетінін айтты.
Ұлттық банк, сіздер қайда қарап отырсыздар? Ай сайын базалық ставка мөлшерін көбейтесіздер. Халықты қанша қинауға болады? Сіздер адамдарды қандай жағдайға жеткізіп отырғандарыңызды түсінбейсіздер ме? – деді депутат.
«Біз қазақстандықтарды үйсіз қалатын жағдайға дейін жеткізбеуіміз керек. Мысалы, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Апаттан қаза тапқан офицерлерге, құтқарушылардың мойнындағы несиені мемлекет өзі жапты. Мұндай шешімді мемлекет басшысы қабылдады. Сонда бір құтқарушының атында 15 несие бары анықталды. Құтқарушы офицер болған. Құдайға шүкір, оның жалақысы жаман емес. Сонда да оның еңбекақысы күнделікті өміріне жетпеген. Сондықтан біз осындай қиын жағдайда қалған қазақстандықтарды қорғауымыз керек», - деді ол.

Taulik.kz

Апта талқысында: