Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
14 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Министр төрт түлікке емес, шошқа шаруашылығына қатты көңіл бөледі - САДЫРБАЕВ

Министр төрт түлікке емес, шошқа шаруашылығына қатты көңіл бөледі - САДЫРБАЕВ

Министр төрт түлікке емес, шошқа шаруашылығына қатты көңіл бөледі - САДЫРБАЕВ
ашық дереккөзі
«Шопан ата» Ұлттық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбаев ауыл шаруашылығындағы қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. Ауыл шаруашылығы министрінің қазақ шаруашылығына жаны ашымайтынын ашып айтты.
– Өткен жолғыдан кейін министрді офлайн өмірде екінші рет көріп тұрмыз. Көре алмаймыз, тіпті жиналыстарға да қатыспайды. Вице-министрлермен әлек боламыз. Бірақ ол кісілер ештеңе шеше алмайды. Сонымен барлығы ұзын құйымшақ болып қалады… Былтыр Маңғыстауда жұт болғанда Ербол Шырақпайұлының айы оңынан, жұлдызы соңынан туды. Өйткені, жем-шөп мәселесі бойынша алдындағы министрді шешуге жіберді. Ең бірінші тапсырмасы сол болды. Мәселе шешілген жоқ. Президенттің бірінші тапсырмасы шешілген жоқ. Бүгінгі күнде сол Маңғыстау жем-шөпті өз күштерімен Солтүстіктен тартып отыр. Қызылордада бұл мәселе өзекті,- деді Алмасбек Садырбаев.
Сондай-ақ, ол ветеринария саласындағы өзекті мәселені де қозғап өтті.
– Ветеринария саласына күрделі реформа жасалмады. Ветеринария мәселесі шешілмеді. Ветеринарлардың айлығын болар-болмасқа, алдамшы пайызға өсірді де, бітті. Реформа ол емес. Сізге президент ветеринарлардың айлығын өсір деп қана берген жоқ, реформа жаса деп тапсырма берді. Реформа дегеніміз – бүкіл бағытты өзгерту, мемлекеттік ветеринариядан кәсіби ветеринарияға ауысу, жеке-меншік ветеринарияны қосу, жеке-меншік лабораторияларды қосу. Сіз президенттің екінші тапсырмасын да орындамадыңыз, – деді Садырбаев. – Ең сорақасы – Ербол Шырақпайұлы төрт түлігімізге көрсетілмеген қолдауды, 80% субсидия түрінде шошқа шаруашылығына беруге дайын екеніне көзіміз жетті.  Қазақ шаруашылығына жаны ашымаған жерде осындай проблемалар шыға береді. Президенттің тапсырмасын орындамайтын, халықтың мүддесін алға салмайтын, 60 000 адам қол қойған құжатты елемейтін министр сізге керек пе? – деді агро-эксперт.

Taulik.kz