Мәзір
14 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Депутат халықтың несиесін жабу жолын ұсынды

Депутат халықтың несиесін жабу жолын ұсынды

Депутат халықтың несиесін жабу жолын ұсынды Депутат халықтың несиесін жабу жолын ұсынды
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов несиені зейнетақы жинағы есебінен жабу мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Оның айтуынша, 2014 жылдан бері доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 3 есе өскен. Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салғаннан гөрі ұлттық теңгені шетел валютасына инвестициялау арқылы 2 есе көп табыс табуға болады.
«Жыл басынан бері БЖЗҚ кірісі 6%-дан аспады. Президент атап өткендей, биыл азық-түлік инфляциясы 24%-дан асты. Бүгінде азаматтар БЖЗҚ арқылы пайда табуыдың орнына, керісінше ұтылып жатыр. БЖЗҚ қызметінің айқын тиімсіздігі мен ашықтығы бөлек парламенттік тыңдаулар өткізуді талап етеді деп есептеймін. Бірақ ол үшін жаңа Есеп палатасы БЖЗҚ шығыстарына шұғыл тәуелсіз аудит, сондай-ақ активтер мен инвестициялық портфель аудитін жүргізуі керек», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Аманжан Жамалов БЖЗҚ қазақстандықтардың жинағындағы зейнетақы қаражатын тиімсіз пайдаланып отыр деген пікірде.
«Былтыр БЖЗҚ зейнетақы жинағының шекті мәнін орта есеппен 64%-дан 83%-ға дейін ұлғайту үшін лобби жасады. Биыл 23 қарашада Үкімет пен БЖЗҚ-дан осы қиын кезеңде мыңдаған адам зейнетақы қаражатын қайтадан пайдалана алуы үшін шекті мәндерді қайта есептеп, төмендетуді сұрадым. 29 қарашада БЖЗҚ 2023 жылға арналған зейнетақы жинағын пайдаланудың шекті мөлшерін жариялады. Ол қазіргіден 4-8%-ға жоғары. Осылайша, БЖЗҚ өз шешімі мен экономикалық реформаны толық жоққа шығарды. Біз енді БЖЗҚ-дан мәселелерімізді шешеді деп күтпеуіміз керек. Керісінше, басты проблемамыз БЖЗҚ сияқты», - деді ол.
Депутат зейнетақы жинағындағы ақша құнсызданып жатқанын атап өтті. Сондықтан ондағы қаражатты алу мәселесін қарастырған жөн.
«Президент халыққа кредит беру мәселесіне де назар аударды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, несиесін төлей алмай жүрген 1,5 млн қазақстандық бар. Сондай-ақ зейнетақы жинағындағы ақша құнсызданып жатыр. Әлеуметтік шара ретінде қазақсандықтарға өз жинағын кез келген кредитті өтеуге, емделуге ақы төлеуге, коммуналдық қызметтер бойынша қарыздарды төлеуге, балаларды оқытуға және басқа да өмірлік маңызды қажеттіліктерге зейнетақы жинағының 30%-на дейін беру керек. Бірақ 1 млн теңгеден аспайтын мөлшерде пайдалану құқығын беруге болады деп санаймын», - деді Аманжан Жамалов.

Апта талқысында: