«Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды «Пожарный и спасатель» журналына мәжбүрлеп жазғызып жатыр деген рас па?» Бұл сұраққа төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жауап берді.
«Мен сіздерді де біздің журналға жазылуға шақырамын. Журналға ерікті түрде жазылуға болады. Қызметшілер мен жай адамдар үшін де», - деді Ильин.Оның айтуынша, «ешкім ешкімді журналға жазылуға мәжбүрлемейді».
«Егер біреудің талап-тілегі болмаса, ол журналға жазылудан бас тарта алады. Бас тартты екен деп, оны ешкім жазаламайды. Біз қазір журналға заңды тұлғалар көбірек жазылса екен деп күш салып жатырмыз. Өйткені халықты төтенше жағдайлар туындаған жағдайда баспа арқылы оқыту практикасын енгізсек дейміз. Сол себепті мен сіздерді де сол журналға жазылуға шақырамын», - деді ол.
Taulik.kz