– БТА Банкінің бүкіл әлем бойынша қаражатты қайтару бойынша он жылдан астам күш-жігері ішінде бұл іс бірінші рет қазылар алқасына осы қастандықтың мәнін кінәлілерден тікелей тыңдау мүмкіндігін берді. Содан кейін қазылар алқасы БТА Банкті Мұхтар Әблязов алдап кеткенімен бірауыздан келісіп, Триадуға схемадағы рөлі үшін қомақты өтемақы тағайындады. Біз бұл дәлелдемелерді Құрама Штаттардағы қазылар алқасына ұсынуды мақтан тұтамыз және 200 миллион доллардан астам соманы өндіруге әкелетін клиентіміздің пайдасына шығарылған шешімге қуаныштымыз. Біз қазылар алқасына дәлелдемелерді мұқият қарастырғаны үшін алғыс айтамыз, – деді «Boies Schiller Flexner» ЖШС басқарушы серіктесі және БТА кеңесшісі Мэтью Л.Шварц.Баяндамада сот 2022 жылдың 29 қарашасында басталғаны да айтылған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, БТА Банкі Мұхтар Әбіләзов ұйымдастырған ірі алаяқтық пен ақшаны жылыстату схемасын сот процесінде алғаш рет көрсетіп отыр. 2009 жылдың басында алаяқтық әшкереленген кезде БТА Қазақстандағы үшінші ірі банк болды.
«Әбіләзов жасаған миллиардтаған долларды ұрлау банкті ұлттандыруға әкеліп соқты, бұл салық төлеушілерге миллиард доллардан астам шығын әкелді» деп түйіндеді банк.
Taulik.kz