logo
search
menu

Шұғыл: Шетелден келген көліктерді рәсімдеуге тек 6 ай уақыт беріледі

Шұғыл: Шетелден келген көліктерді рәсімдеуге тек 6 ай уақыт беріледі
15 желтоқсан, 2022
Шұғыл: Шетелден келген көліктерді рәсімдеуге тек 6 ай уақыт беріледі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелден әкелінген көліктерді рәсімдеп алуға 6 ай уақыт берілетінін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.   
    "Ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың тәртібін, мерзімі мен шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне еніп, тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Заңдастыруды 6 ай ішінде жүргізу жоспарланып отыр", - деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.
    ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, шетелдік көлігін заңдастырмаған адамдарға не істеуге болатынын айтты.
    "Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын", - деді ІІМ өкілі.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы