Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ бағытындағы жолдың 275-ші шақырымында жолаушылар көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды.
Салдарынан ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, сол жерде «Газель» көлігі соқтығысып, екі көлік өртеніп кеткен.
«Жолаушылар көлігінің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, «Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға орнына Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусин барды. Жол қозғалысы ережелері бұзылған» делінген хабарламада.Тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қостанай облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысы ережелерін және әсіресе жылдамдықты шектеуді сақтау керектігін ескертеді. Абайлаңыз, қырағы болыңыз, халықтың өмірі осыған байланысты!
Taulik.kz