Мәзір
17 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

НТВ, Первый канал: Ресей арналары толығымен Қазақстаннан кететіні рас па?

НТВ, Первый канал: Ресей арналары толығымен Қазақстаннан кететіні рас па?

НТВ, Первый канал: Ресей арналары толығымен Қазақстаннан кететіні рас па? НТВ, Первый канал: Ресей арналары толығымен Қазақстаннан кететіні рас па?
ашық дереккөзі
НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ пропагандистік Ресей арналары Қазақстаннан кетеді. Бұл туралы DALA INSIDE телеграм каналы мәлімдеді.  Ресми Астана келесі жұмыс аптасында елімізде НТВ, "Россия-1", "Первый канал", РЕН ТВ сынды төрт ресейлік телеарнаны хабар тарату лицензиясынан айыру бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар өткізбек.  Ол талқылауға Президент аппараты, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ақпарат министрлігі, цифрландыру ведомстваларының өкілдері жиналады. Оған себеп - Еуроодақ тоғызыншы санкция аясында, аталған телеарналарды лицензиясынан айырып, олардың хабар таратуына тиым салды. Қазақстан бұл пропагандистік телеарналардың жұмысына шектеу қоймаса, де-юре Еуроодақ санкцияларын бұзды деп есептелмек. Тек мемлекеттік емес, коммерциалық сектор да Ресей телевизиясын шектей алады. Оның алдында "Beeline Қазақстан" өз пакетінен ресейлік арналарды алып тастаған болатын. Бірақ сол кезде оған иелік ететін ресейлік "Вымпелком" компаниясы арқылы, Ресей билігі өз телеарналарын хабар тарату пакетіне күштеп қайтарған еді. Енді "Beeline Қазақстан" Ресейге бағынбайды, тікелей Нидерландылық акционердің қолына өтті. Сондықтан "Beeline Қазақстан" ресейлік арналар сигналын тоқтатса, оған ешкім ештеңе дей алмайды.  Ал мемлекет өз тарапынан OTAU TV, Қазақтелекомның ID Net желілері, сондай-ақ антенналық жүйеден ресейлік телевизияны бір күнде алып тастай алады.

Taulik.kz

Апта талқысында: