Мәзір
17 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Бородавкиннің дау тудырған ойы Кремльдің позициясын білдіре ме?

Бородавкиннің дау тудырған ойы Кремльдің позициясын білдіре ме?

Бородавкиннің дау тудырған ойы Кремльдің позициясын білдіре ме? Бородавкиннің дау тудырған ойы Кремльдің позициясын білдіре ме?
ашық дереккөзі

Ресей елшісінің даулы мәлімдемесі Кремльдің позициясын білдіре ме? Бұл туралы Азаттық радиосы жазады.

Саясаттанушы Ақас Тәжуітов Eurasia review басылымындағы мақалада Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің Ресей мемлекеттік ақпарат агенттігінің Қазақстандағы бөлімшесі − Sputnik Kazakhstan сайтына берген сұхбатын талдайды.

Бұл сұхбатта Ресей елшісі «Қазақстанда ұлттық тенденциялар анық байқала бастады», президент «кез келген экстремистік я ұлтшылдық әрекетке тойтарыс беретін қатаң шаралар қолдана алады, егер бізге өтініш айтса, көмектесеміз», − деген.

Автор елдегі кей шолушылар Бородавкин Кремльдің позициясын жеткізді деп есептейтініне назар аударады. Саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовтің айтуынша, Ресей бұған дейін Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуылдарды бұл журналистердің, депутаттардың жеке пікірі деп ақтап келген. Ал әлгіндей пікірді Ресей елшісі айтып тұрса, бұл – Кремльдің ресми позициясы.

Бородавкиннің мәлімдемесі сынға ұшырап, халықтың наразылығын тудырды. Бірақ Қазақстан тарапынан бұған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қана реакция білдірді. Ол «сұхбаттың кей тұстары елшінің мәртебесіне сай келмейді, дипломат пропагандистер мен саясаткерлерге қосылмауы керек» деп түйді.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында «Бородавкин Қазақстандағы кей ақпарат құралдары оған таңып жатқан сөздерді еш уақытта айтпады» деп ақтап алмақ болды. Лавров мұндай мәлімдемелер елші мен Ресей сыртқы істер министрлігінің ұстанымын көрсетпейді деп қайырды. Көзге ап-анық көрініп тұрған белгілі нәрсені жоққа шығаруға тырысқан соң Лавров екі елдің арасындағы қарым-қатынасты Путин мен Тоқаев қана белгілейді деп кесті.

Автор тап бір елдің ішкі саясатынан кемшілік іздеп, оларды Ресей ақпарат құралдарында әшкере ету үшін жүргендей әсер қалдыратын Ресей елшісінің әрекеті Қазақстандағы сарапшыларды алаңдатады дейді. Бородавкин бұған дейін 7 ақпанда «Независимая газета» басылымына берген сұхбатында қазақ ұлтшылдығын сынап, қазақ билігінің «үңгірдегі ұлтшылдықпен» күресін жоғары бағалаған.

Тәжуітовтің пайымдауынша, елде Ресей идеологтарының қолайына жағатын ахуал қалыптасқан. Қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы ешкім сөз қозғап жатқан жоқ. Астана дәліздеріндегі орыс тілінің жағдайын жазушы Иван Щеголихиннің мына сөздері арқылы сипаттауға болады: «Әлемде жоғары билігі өз қызметін орыс тілінде жүргізетін екі-ақ ел бар. Ол – Ресей және Қазақстан». Бірақ осыған қарамастан Ресейде әлі де «қазақ ұлтшылдығы» туралы сөз қозғайды. Бұл 2021 жылы Қазақстанға жасалған ақпараттық шабуылдарға ұқсас болуы мүмкін. Былтырғы жылдың екінші жартысында Ресей ақпарат құралдары Қазақстанға үздіксіз ақпарат шабуылдарын жасап, ел қазақ ұлтшылдарын қолдап, Батысқа бет бұрған саясатын өзгертпесе, ішкі іске араласамыз деп жасырын қоқан-лоқы көрсетті, бұл науқан 2021 жылдың желтоқсанында шарықтау шегіне жетті.

Енді Ресей елшісінің сөзіне қарағанда, Мәскеу Тоқаевтан ұлтшылдыққа тойтарыс беруге бағытталған қатаң шараларды қолға алуын күтіп отыр. «Кремльдің бұл демаршының астарында шын мәнінде не тұр?» дейді Тәжуітов.

Taulik.kz

Апта талқысында: