Мәзір
18 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жол апатына түскен оқушылардың жағдайы өте ауыр

Жол апатына түскен оқушылардың жағдайы өте ауыр

Жол апатына түскен оқушылардың жағдайы өте ауыр Жол апатына түскен оқушылардың жағдайы өте ауыр
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасына түскен төрт оқушының жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе-Шұбарқұдық тасжолында болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен балалар Ана мен бала орталығына сағат 12:00-ден бастап жеткізілді. Ал оқиға сағат 9:25-те болған. «Төрт баланың жағдайы ауыр, төртеуінің жағдайы орташа ауыр. Жағдайы ауыр балалар бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оларды травматолог, хирург, нейрохирург, бет-жақ хирургі, реаниматологтер қарап шықты. Сонымен бірге хирургия, травматология, нейрохирургия бөлімінің меңгерушілері шұғыл жұмысқа шақырылды. Қазіргі кезде нақты диагноз қою үшін жіті тексеріліп жатыр. Екі балаға диагностикалық лапароскопия жасалды. Бас-ми жарақатын алған екі баланың басына ота жасалды. Бірнеше сүйегі сынған бір балаға да көмек көрсетілді. Өзге балалардың жағдайы тұрақты ауыр. Балалардың ата-аналарымен сөйлесіп, оларға бар жағдай түсіндірілді. Балаларға жасалып жатқан ем-дом туралы айтылды»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев. Айта кетейік, қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр.

Taulik.kz

Апта талқысында: