logo
search
menu

Атырау облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі зираттан табылды

Атырау облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі зираттан табылды
19 желтоқсан, 2022
Атырау облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі зираттан табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының 24 жастағы тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат 5.00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Жас жігітті іздеуге ТЖД және полицияның үлкен күштері, кейіннен «ҚазАвиаҚұтқарус» АҚ тікұшағы жұмылдырылған болатын, алайда еш нәтиже бермегендіктен, іздеу жұмыстары қысқартылған еді. Белгілі болғандай, жігіттің денесін 16 желтоқсанда Қаракөл ауылынан 22 шақырым жердегі Өмірәлі қыстағы маңындағы бейіт арасынан малын іздеп жүрген бақташы тауып алған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы