logo
search
menu

Ұлын мылтықпен атып өлтіріп алған әке өзіне қол жұмсады

Ұлын мылтықпен атып өлтіріп алған әке өзіне қол жұмсады
19 желтоқсан, 2022
Ұлын мылтықпен атып өлтіріп алған әке өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ШҚО-да әкесі мен ұлының өлі денесі өз үйінен табылды, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы Қабырға ауылындағы үйден екі адамның денесін тапқан. Олар – зорлықпен өлтірілген 59 және 29 жастағы екі ер адам. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ атып, ұлын жаралаған. Ұлы сол жерде қайтыс болған, содан кейін әкесі өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалды.
    «Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректері жарияланбайды», - деді полиция.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы