logo
search
menu

Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды

Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды
19 желтоқсан, 2022
Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтауда қалалық шыршаны безендіруге қалалық қазынадан қаржы бөлінбейді, - деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

    «Жаңажылдық безендіру әшекейлерін қайта қолдану тиімді шешім болмақ. Себебі бұл заттар әлі жарамды. Үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар, халыққа аса қажетті, басым бағыттарға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қала әкімдігі кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен де қаланы безендіруді көздеп отыр», - деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Алпысбай Таубаев.
    Қаланы безендіру жұмыстары елімізде Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін қолға алынады. Биыл жаңажылдық шыршаны 15 шағынаудандағы амфитеатр алаңына, 4 шағынаудандағы «Астана» алаңына және Өмірзақ ауылына орнатуды жоспарланған. Аталған орындар әзірге нақты белгіленген жоқ. Деректер бойынша 2019 жылы қаланы безендіру үшін 37 млн теңге бөлінген. Оны мемлекеттік сатып алу конкурсымен «Атамекен» қоғамдық бірлестігі 29 млн теңгеге ұтып алған. Сонымен қатар былтыр 15 млн теңгеге жаңа шырша сатып алынған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы