Мәзір
19 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Корей қызының қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын...»

«Корей қызының қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын...»

«Корей қызының қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын...» «Корей қызының қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын...»
ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған қазақ жігіті корей қызына қырындап, қолын сүйгені үшін бір жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы блогер Самат Ахметов Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі Halyq Unі сайтына сілтеме жасап.

Самат Ахметов мәлімдеуінше қазақстандық азамат  Icheon Majang-myeon, ауданында орналасқан GS25 азық түлік дүкеніндегі сатушы қызға тиісіп оның қолынан сүйген. Оқиға орнына полиция келген кезде айыпты азамат қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырындаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - дейді блогер. Блогердің айтуынша, Оңтүстік Кореяға табыс табуға барған жігіт ондағы заңның осыншама қатал екенін білмегендігін сұхбаттасу барысында айтқан.
«Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен», - дейді қамауға алынған жігіт.

Апта талқысында: