logo
search
menu

Смайылов жалған есеп берген әкімдерді сынға алды

Смайылов жалған есеп берген әкімдерді сынға алды
20 желтоқсан, 2022
Смайылов жалған есеп берген әкімдерді сынға алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Үкімет отырысында Премьер-Министр Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының әкімдіктері жылу маусымына дайындық туралы жалған ақпарат бергенін айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Біз қыркүйек айында осы мәселеге қатысты арнайы Үкімет отырысын өткізгенбіз. Сол кезде әкімдіктер жылыту маусымына сақадай сай дайынбыз деді. Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда, жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. 2 айдың ішінде екі бірдей ірі апат болды - Риддер мен Екібастұзда», - деді Премьер-Министр Әлихат Смайылов.
    Сондай-ақ ол осыған ұқсас жайттар Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларында болғанын еске салды.
    «Жылу жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды», - деді Үкімет басшысы.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы