Жеңілдетілген автонесие неге тоқтап тұр? – Роман Скляр жауап берді
«Бәйтерек» холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасады», – деді вице-Премьер.