«Заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға, құрметті атақтар беруіне бағытталған», - деді Ажар Ғиният.Құжат аясында жылына бір рет 1000 айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы төлем беріле отырып, медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті 3 атағын бекіту ескерілген. Сонымен қатар «Мамандық үздігі» республикалық конкурсы өткізіледі. Бұл тұрғыда 500 айлық есептік көрсеткіш сомасында 17 жеңімпазға біржолғы ынталандыру төлемақысы берілмек.
Қай сала мамандарына 1000 АЕК сомасында төлем берілетіні айтылды
Қай сала мамандарына 1000 АЕК сомасында төлем берілетіні айтылды
21 желтоқсан, 2022

Мазмұны
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды taulik.kz.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы