Молдованың қауіпсіздік қызметі келесі жылы Ресейдің өздеріне басқыншылық шабуыл жасайтынын болжап отыр, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Молдова ақпарат және қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Александру Мустяце Ресей армиясының 2023 жылы молдован территориясына басып кіру ықтималдылығы әлі сақталып тұр дегенді жеткізді. Бірақ ол Украинадағы ұрыс қимылдарының нәтижесіне тікелей тәуелді болмақ.
Мустяце «TVR Moldova» телеарнасына берген сұхбатында мұның жайын тарқатып айтып берді.
Мәселе Ресей Федерациясы молдован территориясы бағытына жаңа шабуыл ұйымдастыра ма, жоқ па дегенде емес, оның болатынында еш күмән жоқ. Бар мәселенің түйіні жылдың басында – қаңтарда, ақпанда бола ма, әлде сәл кейінірек – наурызда, сәуірде ме, сонда, – деді ол.«Қолдағы бар ақпаратқа қарағанда, Молдованың территориясы болып табылатын Днестр бойына өздері емін-еркін бара алатын дәліз жасап алу үшін Ресей бұдан да әрі кетуі мүмкін. Онда бұлардың осы жерге дейін жетіп, мұны өзіне қосып алуға әрекет ететіні айқын бола түседі», – дегенді қосты ол сосын. Мустяце сонымен бірге Приднестровьеде (Днестр бойы) күллі Еуропадағы аса ірі қару-жарақтар қоймасы орналасқанын, оны ресейліктердің қорғап тұрғанын, сондықтан РФ армиясының бұған қарай ұмтылуының бір себебі осында болуы мүмкін екенін де алға тартты. Бұған дейін белгілі болғандай, Молдова билігі Румыниядан Украинадағы соғыстың өрті өз территориясына да тарай бастайтын болса, өздеріне көмек беруді сұраған еді.